2018 жылдың басынан бері 7 мың қырғызстандық Ресейдің «қара тізіміне» енгізілген. Бұл туралы Бішкекте баспасөз мәслихатында қырғыз сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев хабарлады.
Оның айтуынша, бұдан бөлек бұл тізімде тағы 70 мыңға жуық қырғызстандық бар. 50 мың азамат бұл тізімге сот шешімімен енгізілді, сол себепті оларды «қара тізімнен» шығару қиын, деді министр.
2013 жылы Ресей жергілікті заңдарды бұзған шетел азаматтарының тізімін жариялады. Бұл тізімдегілер белгілі бір уақытта Ресей аумағына кіре алмайды.
Ресейде Қырғызстанның 640 мың азаматы ресми түрде тұрады және жұмыс істейді. Бұл — шетелде жұмыс істейтін қырғызстардың 88 пайызы. Бірақ, кейбір мәліметтерге қарағанда, Қырғызстаннан Ресейге барған мигранттар саны 1 миллионнан асады.
KAZAKBOL.COM