Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда азаптауға қатысты шағымдар көбейді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда милицияның екі қызметкері мен офицері кісі азаптағаны үшін ұзақ жылдарға түрмеге қамалды, деп хабарлады Бас прокуратура өкілі Шариф Курбонзода. Оның айтуынша, соңғы бірнеше айда азаматтардан милиция қызметкерлерінің азаптауларына қатысты шағымдар көп түскен.

Жыл басынан бері алты айда Бас прокуратураға азаптауға қатысты 37 шағым түскен. Өткен жылы дәл осы уақыт аралығында бар болғаны тоғыз арыз тіркелген, деді Шариф Курбонзода.

Дегенмен көптеген тұрғындар құзырлы органдарға хабарласпайды, өйткені олар кінәлілерді жазалайтынына күмәнмен қарайды.

Өткен жылы Тәжікстанда азаптауға қарсы азаматтық қоғам коалициясы елдегі азаптау жиі қолданылатын орындардың картасын дайындады. Адам құқығын қорғаушылар азаматтарды ұстау және тергеу кезінде азаптау жиі қолданылатынын айтып отыр. Коалиця мәліметіне қарағанда, шағымданған тұрғындардың 60 пайызы милиция қызметкерлері тарапынан опық жегенін мәлімдеген.

Азаптауға ұшырағандар мәліметтеріне қарағанда, құқыққорғау органдары қызметкерлері азаматтарды резіңке тоқпақпен сабайды, саусақтарға және ер азаматтың жыныс мүшесіне электр тогын жібереді, тырнақтың астына ине немесе шеге тығады, балағаттау арқылы психологиялық тұрғыда азаптайды, зорлайды немесе зорлайтынын айтып қорқытады, күн суық уақытта мұздай суға түсіреді, басына противогаз кигізеді, денесін темекімен күйдіреді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM