Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

CIT: Сирияда тағы бір ресейлік қаза тапты

KAZAKBOL.COM

Сирияда ресейлік Александр Дудченконың қаза тапқаны жөнінде ақпарат әлеуметтік желілерде және Астрахан аймақтық басылымдарда жазылды. Сейсенбі күні бұл ақпаратты Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу тобы растады.

CIT Александр Дудченконы жақсы танитын, мектепте бірге оқыған адаммен хабарласқан. Ол достарына және туыстарына сілтеме жасап Дудченконың қаза тапқанын растаған.

Ақпарат құралдары Дудченконы «астрахандық десантшы» деп атаған. Бірақ қазасы алдында ол әскеи қызметкер болып істемеген екен. Әлеуметтік желілердегі Александр Дудченконың парақшаларына қарағанда, жасы — 33-те. Ивановта әуе-десантшы болып әскери борышын өтеген.

«Астрахан 24» ақпарат агенттігінің мәліметінше, ол әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. Al Masdar сайты атыс Сиряның Латакия провинциясында болғанын хабарлайды. Сирия үкіметін қолдайтын сайт әуе соққысын Сирияның қарулы оппозициясы – «Ұлттық азат ету майданы» жасады деп айыптайды.

Ресей әскері 2015 жылдың 30 қыркүйегінен бері ресми түрде Сирияда ел президенті Башар Асад жағында соғысып келеді. Ресей президенті Владимир Путин тек әуе соққысына қатысады деген. Бірақ ресми мәлімет бойынша, Сирияда Ресейдің әскери кеңесшілері мен әскери полициялары бар.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM