Өрт кезінде он құтқарушы мен үш техника бірлігі жұмылдырылды.
Екібастұз қаласындағы көп қабатты үйлердің біріндегі пәтерден өрт шығып, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
— Бүгін таңғы сағат 6:28 минут шамасында Әуезов көшесі 63/3 мекенжайындағы бесінші қабаттағы үш бөлмелі пәтерде өрт орын алды. 25 шаршы метрді қамтыған қызыл жалын 7:35 минутта толық сөндірілді. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар подъезден үш адамды эвакуациялады. Ал, өрт болған пәтерден 1950 жылы туған әйел адамның мәйіті табылды. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда, — деді баспасөз қызметінде.