Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Елімізде жасы 25-тен асқан қыздар жігіт табу үшін бақсы-балгерлерді жағалап кетті

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: vk.com

Елімізде тұрмыс құрмай, үйде отырған кәрі қыздардың саны жыл сайын көбеймесе, азайып жатқан жоқ. Психологтардың айтуынша, кейінгі кезде өз жартысын таба алмағаннан күйзеліске ұшырап, көмек сұрап келуші қыздардың саны күрт өсіп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыда тұратын түркістандық Назерке 25 жасқа толғаннан соң, тұрмыс құрмай қаламын ба деген қорқыныштан қатты депрессияға түскенін айтады.

«Мен бұл депрессияға қалай түсіп кететінімді білмеймін. Жасымның 25-тен асқанын ойласам мазам қашады. Бұл бүгінгі таңда мен үшін ең үлкен проблема. Оқуымды бітіргенмін, жап-жақсы жұмысым бар. Түрім де соншалық ұсқынсыз емес. Бірақ, неге екенін жігітім жоқ. Анам үйге барған сайын, жасымның келгенін, 25-тен кейін мені ешкім алмайтынын жиі айтады. Осыны ойлағаннан, соңғы уақытта елмен араласудан қалдым. Өзіммен-өзім жүргім келеді. Туыстарымның да, таныстарымның да сұрақ астына алғанынан шаршадым», — дейді Назерке.

Оның айтуынша, жиырма бестен асқан таныс қыздарының көбінде осы жағдай. Тіпті бір танысы күйзеліске қатты түсіп кеткені соншалық, түрлі бақсы-балгерлер мен әулиелердің басын жағалап кеткен.

«Жиырма сегізге келіп қалған бір әпкеміз анасы екеуі әулиелердің басын аралап кетті. Қыз әулиеден бастап, ақыр аяғы Алматыдағы Райымбек атаның басына дейін келді. Осыдан кейін тезірек тұрмыс құру туралы көп ойлаймын. Себебі, әкпем сияқты  әке-шешемнің уайымына айналғым келмейді. Менің анам да кейінгі кезде тым ырымшыл болып кетті. Барған тойларынан қалыңдықтың бір затын сұрап алып, тойбастардың тартуын менің бөлмеме әкеліп қояды. Түсінесіз бе, мұның бәрі менің жанымды ауыртады. Қырсыққанда жөні түзу бір жігіт жолықпай-ақ қойды», — дейді амалы таусылған бойжеткен.

«Әке-шешемнің уайымына қарап, өзімді қоярға жер таппаймын» дейтін түркістандық қыздың бар арманы — биылғы күзден қалмай лайықты жігітке тұрмысқа шығу.

«Қашан тұрмысқа шығасың деп сұрау біздің қоғам үшін үйреншікті жағдай ғой. Өзімнің де арманым — бір үйдің түтінін түтету. Қазір маған құрбылармен қыдыру, қызметте карьера қуу деген соншалық маңызды емес. Үйде баламен отырған құрбыларым маған қызыға қараса, мен олардың кішентайларына қызығамын. Шынын айтсам, жалғыздықтан, ешкімнің назар аудармайтынынан шаршап кеттім»,- дейді кейіпкеріміз.

Назерке депреессияға жиі түскендіктен, денсаулығының нашарлап, тыныштандыратын дәрілерді жиі қабылдап кеткенін айтады. Қанша жігіт кездессе де, біреуі де бойжеткенге үйленуге ұсыныс жасамаған. Соңғы кезде ол психолог көмегіне жүгінсем бе деп жүргенін де жасырмады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM