Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Энергетика министрі АЭС жөнінде: шешім әлі қабылданбады

KAZAKBOL.COM

«АЭС салу бойынша түпкілікті шешім қабылданды ма?» деген сұраққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «шешім әлі қабылданбады» деп жауап берді.

«Шешім әлі қабылданбады. Әзірге жобаға қатысатындар мен құрылыс векторы бойынша процедуралар жүріп жатыр. Біз әлеуеті жоғары технологияларды қарастырып жатырмыз» деді 21 маусымда Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген министр.

Кейінгі кезде үкімет елде АЭС салу жоспарын жиі айтып жүр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық пікірін ескермей «АЭС бойынша шешім қабылданбайды» деген. 2,5 жылдан соң Ресейде онлайн форумда сөйлеген Тоқаев «бізге АЭС керек» деді. Бірақ қазақстандықтардың пікірі туралы айтпады.

Өткен аптада энергетика министрлігі АЭС мәселесі референдумға шығарылмайды деп айтқан.

2022 жылы Тоқаев Қазақстан АЭС салатын жерді таңдады, бірнеше елдің технологиясын зерттеп жатқанын да хабарлаған. Кейін Қазақстанда АЭС салатын елдер консорциумы арасынан қауіпсіздікке жауапты компания таңдалатыны айтылды.

Консорциумға: қытайлық China National Nuclear Corporation, кореялық Korea Hydro & Nuclear Power, француздың Еlectricitе de France және ресейлік «Росатом» енген.

Билік “АЭС бойынша шешім қабылданбады” деп жиі қайталағанмен былтыр күзде “Самұрық-Қазына” АЭС жобасына кірісіп кеткенін хабарлаған. Осыған дейін елде АЭС-тің «маңызын түсіндіру жұмыстары» жүргізілетіні де айтылған. Сол үшін былтыр қазақстандық блогерлер Корея мен Францияға да барған.

Билік “энергия тапшылығын шешудің бірден бір жолы АЭС” десе, экобелсенділер, экологтар мен энергетика саласы бойынша бірқатар сарапшы АЭС-ті қауіпсіз санамайтынын және коммерциялық тұрғыда да тиімді емес екенін айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM