Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Еуроодақ қырғызстандықтардың Шенген визасын алуын жеңілдетеді

KAZAKBOL.COM

Шенген визасын алу жеңілдейді, өйткені Еуропалық Одақ 2019 жылы Виза кодексін қайта қарауды көздеп отыр. Бұл туралы 30 қарашада брифингте Еуроодақтың Орталық Азия мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Петер Буриан мәлімдеді.

Елшінің айтуынша, Еуроодақ Еуропаға саяхаттағысы келетін қырғызстандықтардың виза алуын жеңілдеткісі келеді. «Евроодақ жаңа Виза кодексін әзірлеп жатыр. Онда бірқатар бюрократиялық процестер алып тасталынады», — деп хабарлады Буриан.

Дегенмен Буриан заңсыз миграцияға байланысты виза қатынастары нәзік мәселе болып тұрғанын атап өтті.

«Еуроодаққа мигранттар керек. Біздің халық қартайып барады. Сол себепті бізге дайындығы жақсы жастар керек. Бірақ білімді мамандардың барлығы Еуропаға көшіп, Қырғызстанды әлсіретпеуі керек», — деді елші.

Қырғызстан азаматтары құрамына 28 мемлекет кіретін Еуропалық одақ аумағына бару үшін міндетті түрде Шенген визасын алуы тиіс.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM