Глава Сайхунабадского района Носиржон Эгамбердиев избивает директора школы.

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның Ферғана облысы Язъяван ауданының басшысы Юлчибай Боййигитов 7 қарашада түнде өткен жиналыста шаруа Курбонали Джураевты мақта аз өткізгені үшін ұрып, аудан прокурорына оған қарсы қылмыстық іс ашуды тапсырған.

60 жастағы Джураевтың аудан басшысынан соққы жегенін үш шаруа хабарлады.

«Курбонали мен аудан басшысы сөзге келіп қалды. Бастық шаруадан арыз жазып, жерін тапсыруын талап етті. Шаруа жоспарды орындайтынын, бірақ жерді бергісі келмейтінін айтты. Аудан басшысы шаруаны тұншықтыра бастады. Сосын оның жағасынан сілкілеп, балағаттады. Осының бәрін прокурор мен милиция басшысы көріп тұрды. Джураевты күні бойы милиция бөлімінде ұстаған», – деді оқиға куәгерлерінің бірі.

Курбонали Джураев аудан басшысымен жанжалдасып қалғанын жоққа шығармады, бірақ пікір білдіруден бас тартты.

Осы аудандағы тағы бір шаруаның хабарлауынша, сол жиналыста аудан басшысы мақтаны жеткіліксіз өткізген отыз шаруаны қамауға алуға бұйрық берген.

«Отыздан астам шаруаны милиция бөліміне алып барды. Сол жерде оларды түнгі сағат 3:30-ға дейін ұстады. Олардың арасында мен де бармын», – деді шаруа. Оның сөзін тағы екі шаруа растады.

Дегенмен аудандық ішкі істер бөлімі шаруаларды қамауда ұстаған дегенді жоққа шығарып отыр.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя