Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Хорог: милиция қызметкеріне шабуылды жастардың бейресми жетекшілерінің бірі ұйымдастырған

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысының билігі бірнеше адам зардап шеккен шабуылды жергілікті жастардың бейресми жетекшісі Хурсанд Мазаров ұйымдастырды деп хабарлады.

Хорогта Мазаров бастаған бір топ жас қаланың Тирчит ауданындағы МАИ бекетін шабуылдауға талпынған, деп хабарлады 5 қарашада ТБАО қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мекемеаралық штабы.

«5 қарашада түнде Хурсанд Мазоров бастаған бес адам МАИ бекеті басшысының қызмет көлігіне шабуылдады. Сол арқылы олар Хорогтағы тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтіріп, жағдайды ушықтыруға тырысты», — делінген штабтың ресми мәлімдемесінде.

Тәжікстан билігінің мәліметіне қарағанда, ауған контрабандашылары тәжік аумағына үлкен көлемде есірткі мен қару-жарақ өткізуге талпынып отыр. Соңғы екі айда Хорогта қауіпсіздіктің күшейтілуіне байланысты, олардың ойы жүзеге аспай қалған.

ТБАО әкімдігі басшысының баспасөз хатшысы Голиб Ниятбеков жастар қала орталығындағы милиция бекетін алып тастауды талап етті деп хабарлаған. «Хорогта бір топ жас қала орталығына орнатылған милиция бекетін алып тастауды талап еткен. Милиция қызметкерлері жарақаттайтын тапаншамен ескерту оғын атты», — деді Ниятбеков.

Ол Хорогтың екі тұрғынына оқ тиді дегенді жоққа шығарды. Милиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған екі адам ұсталғаны хабарланды. «Әкімшілік бұл оқиға туралы хабардар. Қазір құқыққорғау органдары ұсталғандардың ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр», — деді Ниятбеков.

Баспасөз хатшысы тәртіп сақшылары масаң күйде оқ атқан деген мәліметті де жоққа шығарып отыр.

«Ферғана» агенттігінің автономиялық облыстағы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Хорогтың екі тұрғыны жарақаттайтын қарумен жараланған, оларды Тәжікстан ІІМ арнайы жасағының командирі генерал-майор Хуршед Изатулло Мұхаммадзода атқан.

Агенттік Хорог тұрғыны Субхон Хамзаалиевтің жарақаттайтын қарумен жараланғанын түсірген суретті жариялады. «Хорог тұрғындарының айтуынша, олар қаланы күш құрылымдарынан тазарту үшін митингке шығуды көздеп отыр», деп жазды «Ферғана» агенттігі. Тәжікстан ІІМ Хорог оқиғасына қатысты ешқандай мәлімет таратқан жоқ.

Екі апта бұрын Тәжікстан билігі Таулы Бадахшан автономиялық облысының бейресми жетекшілерінен қылмыстық әрекеттерінен бас тартуын талап етіп, әйтпесе жаза қатаң болатынын ескерткен. Бейресми жетекшілер билік талабымен келіскен.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM