Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

HRW Азимжан Асқаров ісі бойынша ЕО-ға жүгінді

KAZAKBOL.COM

Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Еуропа Одағынан (ЕО) Қырғызстан билігін құқық қорғаушы Азимжан Асқаровты босатуға шақыруын сұрады.

Ұйым бұл туралы хатын 10 желтоқсанда өтетін «Еуропа Одағы — Қырғызстан» деп аталатын конференция қарсаңында жариялады. Хатта қырғызстандық құқық қорғаушының 2010 жылдан бері заңсыз түрмеде отырғаны айтылады. Хатта сонымен қатар БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комитеті 2016 жылы Асқаровты босатуды талап еткеніне қарамастан, оның осы күнге дейін қамауда екені көрсетілген.

Ұлты өзбек Азимжан Асқаров қамалғанға дейін Базар-Коргон ауданында тұрып, құқық қорғау қызметімен айналысқан. Ол 2010 жылы маусымда Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында болған қақтығысты ұйымдастырды деген айыппен өмір бойына түрме жазасына кесілген.

2016 жылы сәуірде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Қырғызстан билігінен Азимжан Асқаровты ақтап, түрмеден босатуды талап еткен. Осыдан кейін Асқаров пен оның адвокаттары Жоғарғы сотқа шағым түсіріп, істі қайта қарауды сұраған еді.

2016 жылы 12 шілдеде Жоғарғы соты Асқаровтың ісін Шу облыстық сотына қайта қарауға жіберген. Бірақ 2017 жылы 24 қаңтарда Шу облыстық соты Азимжан Асқаровты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы Базар-Коргон аудандық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырған.

2010 жылғы этникалық қақтығыстан 450-ден астам адам қаза тауып, мыңдаған адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM