Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлде қоры — 26,6 млн сом

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның ұлттық спорт түрлері жөніндегі дирекциясы III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қорын 26,6 миллион сом (390 мың доллардан асады) деп бекітті.

Көшпенділер ойындарының бағдарламасына 37 спорт түрі: бәйге, көкпар, ұлттық күрес жекпе-жектері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, садақ ату, «Салбуурун» ұлттық аңшылық және басқа да жарыстар енген.

Көкпардың жүлде қоры — 6 млн сом (шамамен 88 мың доллар), жеңімпаз 3 млн сомға ие болады. Бұған қоса «Ұлы көкпаршы» және «Ұлы көкпар аты» атақтарына 100 мың сомнан тігілген.

Күрес жекпе-жектерінің жеңімпаздары 70 мың сом алады. «Ұлы көшпенділер күресі» жарыстарының чемпионына 1 млн сом беріледі.

Қазіргі таңда Көшпенділер ойындарына 44 елдің спортшылары қатысуға ниет білдірді. 594 медаль — 174 алтын, 173 күміс және 247 қола сарапқа салынады.

III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл 2-8 қыркүйек аралығында Ыстықкөл жағалауында өтеді. Бірінші және екінші Ойындар 2014 және 2016 жылдары өтті.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM