Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Индонезиядағы зілзала құрбандары саны 90 адамнан асты

KAZAKBOL.COM

Индонезияның Ломбок аралында 5 тамыз күні қуаты 7 магнитудаға жететін жер сілкінісі болып, кем дегенде 91 адам қаза тапты, жүздеген адам жараланды.

Индонезияның табиғи апаттар салдарын жеңілдету агенттігі ресми өкілінің 6 тамызда хабарлауынша, зілзаладан аралдың солтүстігінде ондаған ғимарат бүлінді. Құтқарушылар кейбір қирандылар орнына әлі жете алмай жатқандықтан құрбандар саны ұлғаюы мүмкін.

Агенттік өкілі аралдың басты қаласы Матарамда көптеген ғимарат зардап шегіп, қаланың біраз ауданы электр қуатынан ажыратылғанын айтады.

Зілзала дүмпуі Ломбокке жақын Бали аралында да сезілді.

Туристер көп баратын Ломбок аралында бір апта бұрын да жер сілкініп, 16 адам қаза тапқан.

Әлемдегі ең үлкен архипелаг саналатын Индонезия жанартаулар иінінде және Тынық мұхитындағы тектоникалық аймақта орналасқандықтан жер сілкінісі жиі болады.

2004 жылы желтоқсанда Индонезияның батысындағы Суматра аралының жағалауында мұхитта болған жер сілкінісінен цунами тұрып, Үнді мұхиты жағалауындағы бірнеше елде 220 мыңнан астам адам қаза тапқан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM