Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Исаков: Премьер болып тұрғанда соттар мен арнайы қызметте не болып жатқанын білмеппін

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның Социал демократиялық партиясының (ҚСДП) баспасөз қызметі бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың Бішкек қалалық сотында сөйлеген сөздерін жариялады. Онда Исаковты қамауға алу мерзімін келер жылдың 19 қаңтарға дейін ұзарту мәселесі қаралған.

Исаков сотта сөйлеген сөзінде ешқашан Қырғызстаннан қашып кету ойында болмағанын айтқан. Алғашқы тергеу кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетіне дипломатиялық, қызметтік, азаматтық төлқұжаты мен ID-картасын тапсырған. «Бұлтартпау шарасына өзгеріс енгізбес үшін, тергеуге 15 минөт ерте келдім. Осыған дейін елден кетпеу туралы қолхат жазғам», — деді ол.

Сапар Исаков президент әкімшілігін басқарып отырғанда және премьер-министр болып тұрғанда елдегі соттар мен ұлттық қауіпсіздік комитетінде (ҰҚМК) не болып жатқанын білмеппін дейді.

«ҰҚМК-де отырып, елде проблема өте көп екенін көріп отырмын. Міне бүгін саяси қудаланып отырмын», — деп мәлімдеді ол.

18 желтоқсанда Бішкек қалалық соты Бірінші май аудандық сотының бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковты 5 қаңтарға дейін қамауға алу туралы шешімін күшінде қалдырды.

ҰҚМК Исаковты 5 маусымда «Бішкек қаласындағы ЖЭС-ті модернизациялау» бойынша коррупцияға қатысы бар деген күдікпен ұстаған. Оған «президент аппараты жетекшісінің орынбасары болып тұрғанда, шетелдік компанияның мүддесін қолдады» деген айып тағылды.

Исаков болса өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM