Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Үкімет Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алған қазақстандықтың есімін жарияламауды жөн санайды

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның мемлекеттік кіріс комитеті Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алған адамдың кім екенін анықтаған. Бірақ «салық құпиясына» сілтеп, аты-жөнін жарияламады. Бұл жөнінде мемлекеттік кіріс комитетінің төраға орынбасары Мади Такиев мәлімдеді.

«Біз Франциядағы әріптестерімізге сұрау жібердік, жауап келді. Бірақ салық төлеуші өзінің аты-жөнін жарияламауға рұқсат бермеді, сол себептен біз хабарлай алмаймыз. Бұл салық құпиясы. Пәтерді заңды жолмен сатып алған, салығы төленген. Ол кірісін жариялап, салығының төленгенін көрсетті. Бұл оның ақшасы. Ол мемлекеттік шенеунік емес», — деді Такиев.

Осыған дейін шетелдік және жергілікті БАҚ-та Қазақстан үкіметінің өкілі Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алғанын жарыса хабарлаған. Бірқатар баспасөз Елисей алаңында орналасқан пәтердің суреттерін де жариялаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM