Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Клиенттерінен екі бала туып алған жезөкше полицияға бар шындығын жайып салды


Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданында мәжбүрлі түрде жезөкшелікпен айналысқан әйел клиенттерінен екі баланы дүниеге әкелген деп хабарлайды kabarlar.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Созақ ауданындағы полиция жезөкшелер тобын қолға түсіріп, оларды секс-притон басшысы күштеп ұстап отырғанын анықтады. Ол әйелдерді жұмыс тауып беремін деп алдап шақырып, жеңіл жүріске салған.

Жәбірленушілердің бірі полицияға арыз жазып, басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Айтуынша, ол притонға 2009 жылы түскен. Сол уақыттан бері өзі қызмет көрсеткен азаматтардан екі бала туып үлгеріпті.

«Күндіз ыдыс-аяқ жуып, киімдерді тазаладым. Үйге қамап, ешқайда шығармайтын. Аяғым ауыр кезде жақсы жұмыс істей алмағаным үшін сабайтын.

Таңғы 4-тен оятып, түске дейін тастай сумен кір жуғызды. Тіпті тамақты да жеткізіп бермейтін. Өлтіреміз, сендерді ешкім іздемейді де деп қорқытатын. Менің ешбір туысым жоқ болғандықтан, балаларым үшін жұмысымды жалғастыра бердім», — деп ақтарылды ол.

Қазіргі таңда притоннан шыққан әйелдермен психолог мамандар жұмыс жүргізіп жатыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM