Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Латын графикасында жалпыхалықтық диктант жазу басталды

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда қарашаның 14-і күні қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиі бойынша алғашқы жалпыхалықтық диктант басталды. Диктант бірнеше қаладағы жоғары оқу орындарының арнайы жабдықталған аудиторияларында өтіп жатыр.

Диктант сағат 11-де басталып, 11:30-да аяқталады. Көпшілік қатысатын шара жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын графикасына негізделген қазақ тілін меңгеруге дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматыда диктант жазылатын орындардың бірі — Қазақстан-Британ техникалық университетіне диктант жазуға 400-дей адам келген. Диктант жазуға негізінен Алматы қаласы мен Алматыдағы сегіз аудан әкімдігінің қызметкерлері және студенттер қатысып отыр. Диктант басталар алдында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандары ережелерді түсіндірді.

Ұйымдастырушылар диктант соңында дұрыс варианты шығатыны, әркім өз жазғанын тексеретінін айтты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтыр жыл басында жасаған мәлімдемесінде үкіметке 2017 жылдың соңына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді және қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырған. Бұдан соң латын графикасындағы әліпбидің екі нұсқасы таныстырылып, екеуі де сынға ұшыраған еді.

Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 ақпанда қаулы қабылдап, латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпби нұсқасын бекіткен. Жаңа нұсқада қазақ тіліне тән кейбір дыбыстар әріп үстіне қысқа таяқша қою (ғылыми тілде акут деп аталады — ред.) арқылы берілген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM