Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мұхамеджан Тазабек қоғамдағы азғындықтарды ақырзаман белгісі деп атады

KAZAKBOL.COM

Мұхамеджан Тазабек

Танымал ақын Мұхамеджан Тазабек қоғамда орын алып жатқан түрлі келеңсіз жайттарға қатысты өзінің пікірін білдіріп, қазіргі күнгі азғындықтың көбеюін ақырзаманның белгісі деп атады.

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

Ол қазіргі кездегі жантүршігерлік жайттарға көз жұма қарай алмайтынын білліріп, өзінің жанайқайын жеткізді.

«Бір жақта белсіздікке ұшырап, беделден ажырап жатқан отағасылар, бір жақта немересіндей бүлдіршінге шауып, бүлініп жатқан опасыздар… Ақырзаманның белгісі емей немене?!

«Әй, дейтін әже мен қой дейтін қожаның» ауылы алыста қалды. Көшеге шықсаң көзің, дыбыс шықса құлағың қоздырушы ақпаратты алып кеп, қу жүрекке құйып жатыр. Ақылға бағынатын ағза қалмады. Бұзылған жүрек пен құтырған нәпсінің қалауын орындап шауып бара жатқан жұрт. Дарақы отырыс, даңғаза әуен билеп тұр бізді. Арам ойлы аға, желіккен жеңге көбейді.

«Құдашадан құр қалма» деп, әзілдегендердің бүгінгі ұрпағы сәбиге көзін сүзіп отырған сүмелек, сұмдарды өсіріп шығарды. «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген ел едік.

Алладан алыстадық па? Дәстүрден жырақтадық па? Тәрбиені тәрк еттік пе? Әлемнің үрдісін үйреніп аламыз деп жүргенде жамандық үлгісіне иленіп бара жатқандаймыз. Аллаға сиынып, отбасылық құндылықтарды құнттап, садақа беріп, сауап іздемесек, жамандық жар астында, бәле қыр астында. «Мүміннің ақысын Құдай жемейді» деген. Адал құлдарына Алла пана болсын», — деп жазды ол.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM