Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеу еңбек мигранттарына арналған патентті қымбаттатты

KAZAKBOL.COM

Мәскеуде жұмыс істейтін еңбек мигранттары жаңа жылдан бастап патент үшін айына 5 мың рубль төлейді. Мәскеу қалалық думасы салық заңына тиісті өзгерістер енгізді.

Ресей астанасында жұмыс істеуге құқық беретін патент құнының өсуіне мигранттардың табысының өсуі себеп болды дейді Мәскеу думасының депутаты Инна Светенко. Оның сөзінше, соңы жылы шетелдік мигранттардың табысы 29 пайызға өскен.

«Біз еңбек патентінің құнын 13 пайызға ғана өсіріп отырмыз. Сондағысы үстіне 500 рубль қостық. Қазір патент бағасы айына 4500 рубль», — дейді ол.

Депутат Инна Светенконың айтуынша, патентті алушылар саны көбеймесе, азаймай отыр. Мәселен, биыл бюджетке патент есебінен 2 млрд рубль пайда түскен.

Бірер күн бұрын Мәскеу мэрі Сергей Собянин «Россия 1» каналына берген сұқбатында Орталық Азия елдерінен келетін мигранттар арасында қылмыс деңгейі азайғанынын атап өткен.

«Мұндай оң өзгерістердің бәрі оңай келген жоқ, үкімет қолданған арнайы шара нәтижесін берді», — деген еді Мәскеу мэрі.

Оның айтуынша, Ресейде жұмыс істеу үшін арнайы патент енгізу үлкен нәтиже берген. Бүгінде мұндай патентті Ресейге келу үшін виза қажет етпейтін елдердің азаматтары ала алады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM