Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеу зиратында адам өліміне әкелген төбелесті ұйымдастырғандар сотталды

KAZAKBOL.COM

Мәскеу қалалық соты 2016 жылдың мамыр айында Хованск зиратында болған қанды төбелесті ұйымдастырушыларға жаза кесті. Бұл оқиғадан үш тәжік мигранты қаза тапқан.

Тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп, зират жетекшісі Юрий Чабуев және «Здоровая нация» қоғамдық ұйымының құрылтайшысы Александр Бочарников танылды. Олар 11 және 9 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Төбелеске қатысушы, екі адамды көлігімен басып өткен Эльбек Вадуев 11,5 жылға сотталды. Тағы он үш адам 3,5 жылдан 5,5 жылға дейін өмірлерін колонияда өткізетін болады.

2016 жылдың 14 мамырында Хованск зиратында 200-гу жуық адамның қатысуымен қанды төбелес болған. Оған негізінен Солтүстік Кавказ, Тәжікстан және Өзбекстанның азаматтары қатысқан. Төбелесті ұйымдастырушылар қару қолданған. Нәтижесінде 30 адам жараланып, үш тәжік азаматы қаза тапты. Төбелеске ақша себеп болған.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметі бойынша, зират құрылысын жүргізіп жатқан заңсыз мигранттарды бақылауға алу үшін, зират басшысы «Здоровая нация» ұйымының жастарын тартқан. Мигранттарға тиесілі айлықтарын төлемеген.

Хованск зираты Мәскеудегі ірі қорымдардың біріне жатады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM