Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Маңғыстау облысында жүк вагонынан өрт шығып, 5 адам зардап шекті


Маңғыстау облысында Маңғышлақ — Ақтөбе арасында қатынайтын жолаушылар пойызының жүк вагонынан өрт шығып, 5 адам зардап шекті, жарақат алғандар арасында бір бала бар. 14 желтоқсанда Қазақстан төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бейнеу ауданындағы 464-разъезд аумағында жүк вагонынан өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндірушілерге таңғы сағат 5:30 шамасында түскен.

Өрт кезінде жүк вагонында болған бес адам (біреуі бала) Бейнеу ауылының ауруханасына жеткізілген. Олардан түрлі жарақат анықталған.

Әзірге толық емес ақпарат бойынша, өрттің шығуына жүк вагонында газ баллонының қақ айырылуы себеп болған. Таңертеңгі сағат 7-де өрт толық сөндірілген, жүк вагоны толық жанып кеткен. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар вагонына от тимеген. Жолаушылар пойызы таңертеңгі сағат 9-дан кете бере Ақтөбе станциясына жөнелтілген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM