Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

“МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН ҮЙ АЛЫП БЕРЕМІН”: ШЫМКЕНТТЕ 4 БІРДЕЙ ТҰРҒЫНДЫ АЛДАҒАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы ПД-нің Әл-Фараби АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз азаматша “ Шымкент, Нұр-Сұлтан, Түркістан қалаларынан жағдайы төмен отбасыларға пәтер алып беремін” – деп сеніміне кіріп, 7 000 000 теңге ақшасын алып, қайтармай қойған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігімен тіркелді.

Шымкенттік тәжірибиелі полицейлер қылмысты дер кезінде ашып, алаяқты ұстауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде, бұл жайтқа қатысы бар жергілікті тұрғын әйел болып шықты.

Белгілі болғандай жас келіншек оңай жолмен ақша табу мақсатында, дәл осындай жолмен бірнеше тұрғынды алдап келген. Күдіктінің жалпы 4 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 14 миллион 500 мың теңгені құрады. Қазіргі таңда алаяққа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері кез-келген жанға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Егер де, сіз, алаяқтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, “102” телефонына хабарласыңыз.

Шымкент қ. ПД-нің баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM