KAZAKBOL.COM

Алматы облысының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай ашылды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, мұражай үш залдан тұрады. Алғашқы залда Қазақстандағы 1916-1986 жылдардағы қуғын-сүргіндердің тарихы жазылған. Екінші зал саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған. Бұл залда Алматы облысынан қуғынға ұшыраған 4125 адамның аты-жөні мәрмәр тасқа қашалып, қабырғаға ілінген. Залда олардың қысқаша өмірбаяны қойылған.

Мұражайдағы үшінші залда Алматы облыстық ішкі істер департаментінің мұрағатынан алынған суреттер мен құжаттардың көшірмелері қойылған. Бұдан басқа, мұражайда қазақтың зиялы қауым өкілдерінің аты-жөндері жазылған тақта орнатылған.

Мұражай аумағы 635 шаршы метрді құрайды. Жаңа мекемеде тоғыз адам қызмет істейді.

Мұражайдың ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов сөйлеп, мұражайға әкімдік атынан қызметтік көлік кілтін табыстады.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя