Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Министр: Елшіге қатысты істің ашық тергелгенін қалаймыз

KAZAKBOL.COM

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 23 қазанда үкімет жиыны арасында журналистерге министрлік Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаевқа қатысты тергеудің ашық жүргізілуіне мүдделі екенін айтты.

22 қазан күні Қазақстан президентінің әкімшілігі Ерік Өтембаев бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп, Өзбекстандағы елші қызметін атқарудан уақытша шеттетілгенін хабарлаған.

Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ерік Өтембаев Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі ғимаратын салу жұмыстарына қатысты «жалған құжатқа біле тұра» қол қойды деген күдікке ілінгенін мәлімдеген. Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, тергеу министрліктің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің «пара алды» деген күдікпен қамауға алынуымен байланысты жүргізіліп жатыр.

«Біз барлық қадағалаушы органдармен белсенді жұмыс істейміз. Мына жағдайда Ұлттық бюроға істі толық және шынайы түрде тергеуіне болысамыз» деді Әбдірахманов журналистерге. Оның сөзінше, қазір «барлық алдын алу шаралары» жасалып жатыр.

«Сыртқы істер министрлігі мен үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және мемлекеттік қызметкердің заңға қайшы әрекет жасауына жол бермеу мәселесінде ашықтық танытады. Кінәсіздік презумпциясы барын да ұмытпауға шақырамын» деді министр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM