Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Министр жолаушы пойызы апатының себебін «жол жағдайынан» көреді

KAZAKBOL.COM

Қазақстан инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанада үкімет отырысынан соң журналистерге Жамбыл облысында болған пойыз апатына «жолдың жай-күйі» себеп болған деп болжанып отырғанын айтты.

«Негізгі нұсқа — жол жағдайы. Көктемде жасалған жөндеу жұмыстарының сапасына, күнделікті тексеруге, ол жолдардың күтіміне қатысты сұрақтар бар» деді Жеңіс Қасымбек журналистерге.

17 маусым күні сағат 13:25-те Жамбыл теміржол бөлімінің Сарышаған — Шу бөлігінде Астанадан Алматыға келе жатқан №9 жолаушылар пойызы жолдан шығып кеткен. 20 вагон рельстен шығып кетіп, екеуі жанына аударылған. Төтенше оқиға салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, 23 жолаушы жараланған.

Қазір арнайы комиссия апат себептерін тексеріп жатыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM