KAZAKBOL.COM

МТС Түркіменстанды Дүниежүзілік банк жанындағы халықаралық сотқа берді. Компания өз қызметінің республика аумағында тоқтатылуын заңсыз деп есептейді. Бұл туралы РБК басылымы МТС баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«МТС Түркіменстан» 2017 жылдың қыркүйегіне таман 750 млн доллар шығынға батқан. Ресейлік оператор Түркіменстан билігі шетел инвесторы ретінде құқығын бұзды деп отыр. Түркіменстан мен Ресей арасында инвестициялық келісім 2009 жылы жасалған.

МТС мәліметі қарағанда, компания даулы келіссөздер арқылы шешуге талпынып, Түркіменстан билігін сотқа беруі мүмкін екендігін алдын ала ескерткен.

«Өкінішке орай, дау шешілмеді, сол себепті МТС сот арқылы Түркіменстандағы инвестициясы мен заңды құқықтарын қорғайды» делінген оператор баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

2017 жылдың екінші тоқсанының аяғында МТС-тің Түркіменстанда 1,7 млн абоненті болған.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя