Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Нұр-Сұлтан билігі көшедегі саудагерлермен күресіп жатыр (видео)

KAZAKBOL.COM

Нұр-Сұлтан билігі көшеде сауда жасайтындарға ескерту жасады. Саудагерлер шенеуніктермен келіспейді. Табыс көзінен айрылғысы келмеген олар президентке үндеу жазып жатыр.

Көше бойындағы мұндай базарларда азық-түлік, киім, кітап және тұрмыс техникасы сатылады. Бірнеше метр жерде үлкен базар орналасқан.

«Кеше әкімдіктен адамдар келіп, неге «Шапағаттан» орын жалға алмайсыңдар деп сұрады. Оны қай ақшамызбен төлейміз? Тапқан табысымыздың барлығы дерлік пәтер жалдауға кетеді. Өйткені күніне бір-екі мың теңге ғана табамыз», — дейді көшеде сауда жасайтын Айгүл Мусина.

Олардың айтуынша, шатыры бар базардан орын жалдау айына екі жүз мың теңге тұрады. Тауары аз саудагерлерде мұндай ақша жоқ. Сол себепті олар көшеде тұр. Енді оларды бұл жерден қуып жіберуі мүмкін.

«Жетіскенімізден көшеде тұрған жоқпыз. Шаң, кір, ыстық, аяз. Біз мұнда бәріміз ауру болдық. Осында қаламыз демейміз. Ең болмаса қысқа дейін сауда жасайық», — дейді Назира Ибраева.

«Настоящее Время» телеарнасының түсіру тобына полиция қызметкерлері шүйлікті. Одан соң базарға әкімдік өкілдері келді.

«Өзіңіз көріп тұрғандай, бұл заңсыз сауда ғой. Күнде осы жерден өтесіз делік, сізге ыңғайлы ма? Тазалық жоқ. Тауарлар аяқ астында жатыр. Осы дұрыс па?» — дейді Сарыарқа ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Лиза Рахимова.

Билік көшедегі сауданы тоқтату жоспарынан бас тартқысы жоқ. Дегенмен шенеуніктер саудагерлердің пікіріне құлақ асуға уәде берді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM