Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Назарбаев Өзбекстанның қазақ астығын Еуропа арқылы сатып алған уақытты еске салды

KAZAKBOL.COM

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы жақсарып келе жатқанын айтты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл туралы Назарбаев Astana Club жиналысында мәлімдеген.

«Өзбекстанда өте жақсы өзгерістер болып жатқанын айта аламын. Өкінішке орай, осыған дейінгі жылдары экономикадағы байланыс бар болғаны бес пайызды құрады. Біз уақытты текке жіберіп алдық. Қазақ астығын Өзбекстан Еуропа арқылы сатып алғанын елестетіп көріңізші? Осындай заман болған», — деді президент.

Бірақ соңғы екі жылда өзара сауда жыл сайын екі есеге өсіп отыр. «Шекара ашық, кеден кеңесітігі ортақ, экономикалар қарқынды байланысқа түсті. Мен Өзбекстан болашағына үмітім зор. Қазіргі президент Шавкат Мирзиеев дұрыс жолды таңдады», – деді Назарбаев.

Сауда байланыстарынан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстанның ортақ мәселелері де бар. «Арал теңізі жоғалар бұрын онда бір триллион тонна су болған, балықтар көптеп ауланған. Бұрынғы Кеңес Одағының экономиканы қате жоспарлауынан тұтас теңіз жоғалып отыр. Енді оның қайырынан миллиондаған тонна тұз көтеріліп келеді. Олар Еуропаға, біздің асқар тауларымызға жетіп, мұздықтарды ерітеді. Бұл — біздің ортақ қасіретіміз», – деп мәлімдеді Қазақстан президенті.

Оның айтуынша, мемлекет басшылары бұл мәселені талқылап, әлемдік қауымдастықтан экологиялық апатты болдырмау үшін көмек сұрағанын мәлімдеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM