Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Назарбаевтың «Брюссель сәлемін жеткізген» жаңалығы қайта түзетілген

KAZAKBOL.COM

Ресейлік Sputnik Kazakhstan агенттігінің сайтында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей және Өзбекстан президенттерімен Сарыағаштағы бейресми кездесуі туралы 22 қазан күні жариялаған хабарламасына оқырмандар біраз уақыт кіре алмады.

Жаңалық қайта шыққан кезде ондағы Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинге Брюссельдің «үлкен сәлем айтқаны» туралы сөзін алып тастаған. Назарбаев өткен аптада Брюссельде өткен «Азия — Еуропа» форумының саммитіне қатысқан.

Қайта жарияланған хабарламада сонымен қатар видео үзінді де өзгертілген. Алғашқы видео үзінді «Макрон сөйлескісі келеді — Назарбаевтың Путинмен және Мирзияевпен бейресми кездеуінің видеосы» деген тақырыппен шыққан еді.

Sputnik Kazakhstan агенттігі Азаттыққа жаңалықты редакция бұғаттап қойғанын хабарлады. Бірақ агенттік оның себебін айтудан бас тартты. Өзін аға редактор Полина Рабенок деп таныстырған агенттік қызметкері «Нендей себеп екенін айтпауға хақымыз бар. Сілтеме бірнеше минуттан соң қайта ашылады. Бірақ видео басқаша шығады. Сол кездесудің видеосы сәл басқаша беріледі» деді.

Азаттық тілшісі Sputnik Kazakhstan өкілімен сөйлескеннен бірнеше минуттан соң Назарбаевтың Путинмен және Мирзияевпен кездесуі туралы жаңалық қайта ашылды. Бірақ онда «Брюссельдің сәлемі» туралы сөз алып тасталған. 40 секундтық видеода президенттер Өзбекстанда өйткен аймақтық ынтымақтастық форумын талқылайды.

Назарбаевтың «Брюссель сәлемін» жеткізгені туралы видеоны әзірге YouTub-тағы бір ғана каналдан көруге болады. Ол видеода Назарбаев «Сізге Брюссельдің үлкен сәлемін жеткізіп отырмын» дейді. Путин оған «Иә, сізден осы туралы сұрағым келіп отыр еді» деп жауап береді. Сосын Назарбаев «[Еурокомиссия төрағасы] Юнкер сізге сәлем айтты. [Франция президенті] Макрон Франция бұрыннан Ресеймен бірге болғанын, бола да беретінін айтты. Жалпы, оның сөйлескісі келеді» дейді. Путин оған «Біз де осыны қалаймыз» деп жауап қатады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM