Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ОҚО-да ҰБТ-дан ұпай жинай алмаған оқушы қыз өзіне қол жұмсады

KAZAKBOL.COM

Оңтүстік Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеуден шектік балл жинай алмаған түлек өзіне қол жұмсады. Аида Сапарбай есімді бойжеткен он жеті жасқа толған күннің ертеңіне осындай қадамға барған, деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш ауданындағы №107 мектептің түлегі Аида Сапарбай дәрігер болуды армандаған.

Бойжеткеннің өзіне қол салуына не түрткі болғанын кесіп айту қиын. Себебі ол жауапсыз махаббаттың құрбаны болуы да мүмкін. Өйткені оның әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында жазылған жазбалалардың көбі теріс махаббат тақырыбында.

Тіпті ол «Мен ВК-ға 1 мақсатпен кіремін, таңертеңнен кешке дейін сенен смс күтем!!!», — деп ойын жеткізген. Мектеп бітіруші түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге дейін пихологиялық күйзеліске салыныпты. Оны көршілері мен құрбылары байқаған.

Ауыл әкімі марқұмның бұл әрекетіне ҰБТ себеп болмауы да мүмкін дейді.

«Аида ҰБТ-да елу үш балға қол жеткізген. Оның сегізін орыс тілі пәнінен жинаған. Ал математикадан алған бағасы екі. Шектік балы қырық бес болып отыр. Ауылда одан да төмендері бар. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Нақты суицид себебін айта алмаймын. Тергеу жүріп жатыр», — деді Ошақты ауылының әкімі Сейдахрам Естаев.

Шенеуніктің сөзіне сенсек, бойжеткен атасының қолында тәрбие алған. Ал туған ата-анасы өзге ауылда тұрады. Отбасының материалдық жағдайы жақсы. Ата-анасы егін және мал шаруашылығымен айналысады.

Бойжеткеннің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Оның соңынан үш бауыры қалды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM