Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов он баланың әкесі атанды

KAZAKBOL.COM

Фото «Время» басылымынан алынды

Олимпиада чемпионы, боксшы Ермахан Ибраимов оныншы баланың әкесі атанды деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол «Время» басылымына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, ол жуырда оныншы баланың әкесі атанған.

«Ең кенже ұлым бір ай бұрын өмірге келді. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Себебі, әйелім: «Сен бокстан алтын алдың, ал мен ана ретінде алтын алғым келеді. Енді жеті бала табуым керек», — дейді.

Қазіргі таңда екі некеден қос қызым мен сегіз ұлым бар.

Үлкен ұлым Тойбек жиырма жаста, режиссер болғысы келеді. Екіншім Мейірбек 18-де, ол аспаздың оқуын оқуда. 17 жастағы үшінші ұлым Қайырбек инженер-геолог мамандығы бойынша білім алып жатыр. Үшеуі де ватерполомен айналысқан. Одан кейінгі Сымбат есімді қызым волейболмен айналысады. Тағы бір ұлым Аманбек баскетболмен айналысқанды ұнатады.

Яғни, мен олардың ешқайсысын да бокспен айналысуға мәжбүрлеген жоқпын. Олардың да ондай ерекшелікті байқамадым. Айсұлтан есімді ұлымның боксқа деген қабілетін байқап жүрмін.

Ол қазір жеті жаста. Әзірге тек гимнастикамен ғана айналысуда. Он жасқа толғанда бокспен айналысатын болады», — деген ол балаларын өз жолын қууға мәжбүрлемейтінін, әркім өзі таңдаған жолымен жүретінін айтты.

Сонымен бірге Олимпиада чемпионы Айсұлтанды болашақта өзі жаттықтыратынын айтты.

«Ұлым чемпион бола ма, болмай ма – ол жағы маңызды емес. Бастысы, жақсы адам етіп тәрбиелесем болды. Бір түсінгенім, чемпион болу, түптеп келгенде, адамға байланысты болмайды. Қанша дайындығың мықты болғанымен, қанша жеңіске жету мүмкіндігің көп болса да, кейде сәті түспейді. Отбасыңда біреу ауырып қалады, жекпе-жек алдында аяғыңды сындырып алуың мүмкін, біреу көңіл-күйіңді түсіріп жіберуі мүмкін. Спортта мұндай жайттарды көп кездестіремін», — деді чемпион.

«Время» басылымының рұқсатынсыз ақпаратты көшіріп, пайдалануға болмайды
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM