Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қос қызы да ағылшынға тұрмысқа шыққан ана елге жанайқайын жеткізді

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: pandaland.kz

Қазіргі таңда қазақ қоғамында аралас неке мәселесі өзекті тақырыпқа айналған. Әсіресе шетелдіктің етегінен ұстаған қазақ қыздарының тағдыры жұртшылықты көп алаңдатуда. Қос қызы да ағылшын жігітіне тұрмысқа шығып, оларды жылдап көрмейтін алматылық ана NUR.KZ порталына жалғызбасты әйелге қалай айналғанын баяндап берді.

«Өзім Солтүстік Қазақстан облысының тумасымын. Алматыға оқу іздеп келіп, осында тұрмысқа шығып қалып қойдым. Алайда жолдасым Тараздың жігіті болды. Ұрып-соғып, ішімдік ішіп, көрсетпегенді көрсеткен соң онымен ажырасып кеттім.

Екі қызымды өзім тәрбиелеп, оқыттым, тоқыттым. Күн-түн демей жұмыс істеп жүріп, Алматыдан пәтер сатып алдым. Тұрмысқа шықпадым. Жас кезімде көрмеген қызықты кейін қыздарым көрсетеді деп сенетінмін. Бірақ қазір жалғызбын», — деп әңгімеледі Ондасын апа.

«Қыздарым оң-солын танып, оқуын бітірген соң шетел асамын дегенді шығарды. Бастапқыда үлкен қызым кетпек болды. «Мама, мен Қазақстанда қалғым келмейді. Достарымның барлығы шетелге кетіп жатыр», — деп қоймай қойды. «Тәуекел» деп оған рұқсатымды бердім.

Кейіннен онда кеткен қызым бір жылдай хабарсыз кетті. Ол кезде 2004 жылдары қазіргідей байланыс та дұрыс дамымаған. Сөйтсем қызым онда барып ағылшын жігітіне тұрмысқа шығыпты. Кейін бір жылдан соң ғана білдім. Онда барып ол қарық қылып жұмыс істемепті де. Он жылдан асты күйеу баламды әлі көрмедім. Қызым екі-ақ рет келді. Екі баласы бар. Қазақша бір ауыз сөз білмейді», — дейді ол.

Ал екінші қызы одан кейін екі жылдан соң шетел асуға бел буған екен. Оның да тағдыры әпкесінікіне ұқсас болып, Лондон тұрғынымен отбасын құрған. Осылайша ана екі қызының да тегі мұсылман емес, Қазақстанға ешқашан келгісі келмейтін, қазақ туралы ешқандай мәлімет білгісі келмейтін шетел азаматтарына тқрмысқа шыққанын айтып көз жасын тыя алмады.

«Немерелерімді өмірімде бірнеше рет қана көрдім. Күйеу балаларым келмейді. Мені сонда қыдыртуға алып кетемін дейтін, бірақ жағдайлары да өздері ойлағандай керемет емес болып көрінді. Ешнәрсесін білмеймін. Қазір телефонмен сөйлесіп тұрамыз. Бірақ күннен күнге бойымнан әл кетіп, қартайып бара жатырмын. Қартайған шағымда сүйеу болатын қыздарым жырақта жүр», — деп мұңайды ол.

«Қыздарымның ұрпағы енді қазақ болмайды. Өздері де мұнда келеді деп үмітенбеймін. Мұсылмандықтан да алыс. Сол үшін алаңдаймын. Жүрегім орнында емес», — деген ана өзінің тағдыры елге сабақ болсын деген мақсатпен хабарласып отырғанын айтты.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM