Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Болтон: Вашингтон Қырым аннексиясына қарсы ұстанымынан бас тартпайды

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон Ресей президенті Владимир Путинмен Ресейдің Қырым түбегін заңсыз аннексиялағанын талқылағанын айтты.

27 маусымда Мәскеуде Путинмен кездескен Болтон 1 шілдеде CBS агенттігінің Face The Nation бағдарламасына «Президент Путин бұл мәселе туралы менімен ашық сөйлесті және мен оған біздің Украина мәселесінде келіспейтінімізді айттым» деді.

Дональд Трамп пен Владимир Путин 16 шілдеде Хельсинкиде бірінші рет жүзбе-жүз кездеспек.

29 маусымда Трамп Ресейдің 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғанын мойындайтынын жоққа шығарған. Ол журналистердің «Вашингтонның Қырым аннексиясын мойындамау ұстанымынан бас тартасыз ба?» деген сұрағына «Оны болашақта көре жатармыз» деген. Ол «АҚШ-тың Ресейге аннексияға байланысты салған санкцияларын жою ниетіңіз бар ма» деген сауалға да осылай жауап берген.

Трамп Птинмен кездесуінде Вашингтон мен Мәскеудің нашарлап кеткен қарым-қатынасын жақсартуды мақсат тұтатынын айтқан.

Болтон Вашингтон аннексияға қарсы ұстанымын өзгертуі мүмкін екенін жоққа шығарды. «Бұл — АҚШ-тың ұстанымы емес»деді ол CBS агенттігіне.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM