Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан алтын қор көлемін көбейтпек

KAZAKBOL.COM

Bloomberg телеканалының веб-сайтында «Азияның ең шағын мемлекеті сауда соғысында алтынмен қорғанбақ» деген мақала жарық көрді.

Шолуда Қырғызстан Ресей мен Қытай валюта нарығындағы тұрақсыздықтан қорғану үшін алтын қорын 16 пайыздан 50 пайызға дейін көбейтіп, 2 млрд долларға дейін жеткізбек делінген.

Қырғызстан Ұлттық банк төрағасы Толкунбек Абдыгулов веб-сайтқа берген сұқбатында «Ойын тәртібі өзгерді. Біздің қорымызда қандай валюта болмасын — доллар, юань немесе рубль — бәрібір әлсіз, сол себептен біз алтын қорды көбейтуді жөн көрдік», — деп атап өтеді.

Алтын жөнінде Дүнижүзілік кеңестің мәліметі бойынша, Қырғызстанның мұндай саясаты пайызбен шаққанда Ресейдің қымбат металл қорымен тең түсуі мүмкін. Сонымен бірге Түркия мен Үндістанды да қуып жетуі мүмкін.

Толкунбек Абдыгуловтың сөзінше, Қырғызстан қазіргіден де артық алтын өндіре алады. 2017 жылы канадалық Centerra Gold компаниясы Қырғызстан алтын кенішінен өндірген алтын құны 3,4 млрд долларға жеткен. Ұлттық банк төрағасы жеті жыл ішінде, яғни 2024 жылға дейін алтын қорын бірнеше есеге көбейтпек.

«Егер біз алтын сататын болып шешсек, кез келген уақытта конвертация жасап сата аламыз. Елімізде алтынды көп шығарып жатқанын есепке алсақ, алтын қорымыз да көп болуы керек», — дейді Толкунбек Абдыгулов Bloomberg сайтына берген сұқбатында.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM