Көрнекі суре Азаттық сайтынан алынды
Қостанайда газ баллоны жарылысынан зардап шеккен үш адам ауыр халде жатыр деп хабарлайды Азаттық.
Қостанай облысында газ баллоны жарылысынан зардап шегіп, облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан үш адамға қан қажет екені туралы тұрғындардан жәрдем сұраған хабарлама әлеуметтік желі арқылы тарап жатыр деп жазады жергілікті баспасөз құралдары.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, қарашаның 17-і күні кешкісін Қостанай облысы Затобольск кентіндегі жеке меншік үйде газ баллоны жарылып, салдарынан үйдің үш қабырғасы құлап, өрт шыққан.
Үйде болған үш адам – 48 жастағы екі ер адам және 47 жастағы әйел қатты зардап шеккен. Үшеуі де Қостанай қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлер олардың хал-жағдайын «тұрақты ауыр» деп бағалап отыр.
KAZAKBOL.COM