KAZAKBOL.COM

Қытай қазақтарының мәселесін көтеріп жүрген Серікжан Біләштің ұсталуына Алматыда 8 ақпанда өткен жиындардың бірінде белсендінің «азаматтарды «жиһадқа» — этникалық қытайларға қарсы соғысқа шақыруы» себеп болған. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасы хабарлады.

Прокуратура ақпаратында Біләштің үстінен тергеуді жергілікті тұрғынның арызы бойынша полиция департаменті биыл 21 қаңтарда бастағаны айтылған.

«Біләш сөзінде ұлттық алауыздықты қоздыруға шақырудың болғанын саяси сараптама қорытындысы, әлеуметтік желіден алынған бейнежазбалар, куәгерлер жауаптары және басқа да құжаттар растаған» дейді прокуратура.

10 наурызда Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде полиция тіркелмеген «Атажұрт еріктілері» ұйымының жетекшісі Серікжан Біләшті ұстап, Астанаға алып кеткен. «Ұлтаралық араздықты қоздырды» деген күдікке ілінген Біләшті 11 наурызда уақытша қамау орнынан шығарды. Сот шешімімен ол екі ай мерзімге үйқамаққа алынды.

Ақпанның басында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық соты Серікжан Біләшті «тіркелмеген бірлестік жұмысына жетекшілік етті» деп айыптап, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (252 мың теңге, шамамен 670 доллар) айыппұл салған.

«Атажұрт еріктілері» ұйымы 2017 жылдың көктемінен бастап белсенділігімен қоғам назарына ілінді. Қытай билігінің аз ұлттарға қысым көрсетіп жатқаны туралы мәлімдемелер жасады. Туған-туыстары мен жақындары Шыңжаңда арнайы лагерьлерде қамауда отырғандардан сұхбат алып, видеоларды Youtube және Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында жариялады.

Ресми Пекин аз ұлттарға қысым жасалатынын жоққа шығарып, Шыңжаңдағы саясатын «экстремизмге қарсы шара» деп түсіндіреді және арнайы орындарға жіберілген азаматтар «тіл үйреніп, кәсіп меңгеріп шығады» дейді.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя