Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин Өзбекстанға барды (видео)

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин 18 қазанда ресми сапармен Өзбекстанға барды. Өзбекстанның ресми басылымы Ташкент әуежайынан Ресей лидерін өзбек басшысы Шавкат Мирзияевтің өзі күтіп алды деп хабарлайды.

Екі президент қысқа әңгімелескен. Негізгі кездесулер жұма, 19 қазанда өтпек.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметі келіссөз барасында екіжақты байланыс, стратегиялық әріптестікті нығайту және бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралады деп хабарлады. Мемлекет басшылары халықаралық мәселелерді де талқылайды, оның ішінде аймақтық тұрақтылық және Ауғанстандағы жағдайды реттеу күн тәртібінде қаралған.

Ресей президенті сапары аясында бірінші рет «Өзбекстан – Ресей» аймақаралық ынтымақтастық жөніндегі форум және білім беру форумы өтпек. Өзбекстан атом электр станциясының құрылысын бастау салтанатты түрде ашылмақ.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтіледі. Оның ішінде, 2019-2024 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық, Өзбекстанда Ресейдің озық оқу орындарының бөлімшелерін ашу және «Суффа» халықаралық радиоастрономиялық обсерватория бойынша «жол картасы» бар.

Жалпы 20 миллиард доллар көлеміндегі инвестиция құюға қол қойылмақ.

19 қазанда Путин Мирзияевпен бірге АЭС құрылысының іргетасын қалауға қатысады. Жоба құны — 11 млрд доллар. Құрылыс жұмысы 2028 жылға қарай аяқталмақ. Егер бұл жоба сәтті бітсе, Орталық Азиядағы бірінші атом электр станциясы болмақ.

Путин соңғы рет Өзбекстанға 2016 жылы, тұңғыш президент Ислам Каримовті жерлеу рәсіміне барған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM