Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ПЫШАҚ ЖАРАҚАТЫ: ПАВЛОДАРДА ЖАСӨПІРІМДЕР ТӨБЕЛЕСТІ

KAZAKBOL.COM

Мектепте жасөспірімдер арасындағы төбелестің соңы адам өлімімен аяқтала жаздады. Абырой болғанда, пышақ жарақатын алған оқушы аман қалған. Қазір ол ауруханада ем-дом қабылдап жатыр. Оқыс жайт қайда тіркелді? Зардап шеккен баланың жағдайы қалай? Төбелеске не себеп? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қарсыласын пышақтаған жасөспірім дәл осы мектепте оқиды. 15 және 16 жастағы екі оқушы бір-бірін жағадан алып, салдарынан екіншісі пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. Бұл — ресми мәлімет. Ал бейресми ақпарат көздеріне сенсек, төбелеске қатысқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін.

НҰРЛАН МӘСІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
«Бір-бірін жақтырмау, балалар негізі ешқандай топта тұрмайды олар. Ешқандай учетта жоқ олар, школда оқитын кәдімгідей балалар. Пышақты тергеу амалдары өтеді, содан кейін сізге айтамын».

Оқиға — дәл осы маңдағы сауда орталығының көлік тұрағында болған. Болжам бойынша даудың шығуына жасөспірімнің өзге мектеп оқушысынан үнемі ақша бопсалап келгені себеп болған. Ал пышақтан жарақат алған оқушының жағдайы қазіргі кезде дәрігерлер бақылауында.

МҰХИТ АҚШОЛАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
«2004 жылғы туған науқас алдыңғы құрсақ қабырғасының және құрсақ қуысының ену, кесу жарақатымен түсті. Операция кезінде құрсақ қуысында асқазан және бауырдың анықталды. Сол мүшелері тігілді. Қазір жалпы жағдайының жақсаруына байланысты хирургия бөліміне ауыстырылды».

Бір-бірін пышақтап, істі болған жасөспірімдер бұған дейін бұзақылық жасап көзге түспеген. Полиция департаменті өкілдері олардың біреуінің бокспен айналысатынын хабарлады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM