Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Құранның құдіретімен бизнесі жүрген әйелдің хикаясына көпшілік тәнті болды

KAZAKBOL.COM

Белгілі блогер Құралай ханым Құранның құдіретімен бизнесі жүрген әйелдің хикаясын көпшілікке үлгі етті деп жазады ikerim.kz порталы.

«Катя деген орыс танысым бар күйеуі түрiк, Ыстамбұлдан. Катяның сән салоны бар. Сүрелер такырыбы болған соң, Катянын айтқан бiр әңгімесi есiме түсiп кетті», — деп әңгімесін бастады Құралай ханым.

«Салонында «женский коллектив» болғасын, бiр-бiрiн жақтырмай, жамандап, қыздарынын арасында ұрыс көбейіп, жаман болып кетiптi. Қыздарын жұмыстан шығарайын десе, клиенттер жинап алған көптен iстеп жүрген мықты қыздар. Не iстесем екен деп, әлгі түрiк күйеуінен ақыл сұрапты. Ол оған Бақара сүресі жазылған дискінi беріп: «Мынаны салонға ақырын дауыспен қойып қой» депті. «Бұл болмайды, салонда бәрі орыстар, күні бойы музыка тыңдайды десе, онда түнде салонды жабарда қосып кет, таңертеңге дейін оқылып тұрсын деген екен.

Оншакты күннен кейін әлгі қырлып жүрген қыздардың бiреуi жұмыстан кетiп, орнына одан да күшті қыз келiп, атмосфера керемет дұрысталып, ақша көбейіп, бәрі бiр-бiрiне дос бауыр болып кетті дейді. «Мұсылмандардын дұғаларында ерекше қасиет бар, оны қолданып сендер бар мақсаттарына жетсендер болады ғой. Мен қазір музыка тыңдамаймын, үйде де, көлiкте де тек құран сүрелерін тындаймын. Керемет көмектеседі дегенді орыс қыздан естігелі бері үйге келе сала, флешкаға сүрелерді көшіріп алып, көлігімде үйiмде қосып жүретін болдым», — дейді блогер.

«Кейде ұйықтай алмай дөңбекшiп, күндізгі проблемаларды шешіп кететін түндер болады ғой, сонда құлағыма «Ясин» сүресін қосып жатсам, төрт аятты тыңдап әзер үлгерем де тәтті ұйқыға кетем», — дейді Құралай ханым.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM