Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей төл әлеуметтік желілері мен мессенджерлерін жасауға дайын

KAZAKBOL.COM

Ресей мен Қытай әлемнің Twitter, YouTube және Facebook секілді интернет-сервистерінің «баламасын» жасауға дайын болуы керек. Бұл туралы IV Қытай-Ресей медиафорумында Ресейдің байланыс және коммуникация министрінің орынбасары Алексей Волин мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

Оның айтуынша, америкалық медиаалаңдар Ресей және Қытай БАҚ-тарын өшіріп тастап отыр. Сол себепті «жаңа арналар ашудан басқа амал қалмады» дейді шенеунік.

1 қарашада Волин ақпараттың таралуымен күресте оларды бұғаттау тиімсіз екенін мойындады. Оған мысал ретінде Telegram мен WhatsApp мессенджерлерін келтірді. Қытайда бұл мессенджерлер бұғатталса да, олар жұмыс істеп тұр. Telegram мессенджерін Ресей бұғаттаған, бірақ оны да қолданып жүр.

Twitter және Facebook, сонымен бірге YouTube сервисін басқаратын Google компаниясы Ресейді жалған аккаунттар мен боттар арқылы жалған ақпарат таратты деп айыптады. Қыркүйектің басында Facebook пен Twitter топ-менеджерлері АҚШ Сенатының барлау комитеніне шетелдің АҚШ демократиясына қарсы шабуылына қолданған шаралары туралы есеп берді.

Twitter 10 мыңнан астам күмәнді аккаунттарды жойған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM