Беларусьқа жасалған кез келген әскер шабуылды Мәскеу Ресейге қатысты агрессия деп қабылдайды, деп мәлімдеді «Беларусь-1» телеарнасының эфирінде Ресейдің Минскідегі елшісі Михаил Бабич.
Бабич америкалық әскери базаның Польшаға орналастыру жоспарына қатысты пікірін осылай білдірді. Бұл базаны «Трамп форты» деп атауды ұсынған. Америкалық әскердің Польшада тұрақты түрде болу қажеттігін «Ресей жақтан қауіптің артуымен» түсіндірген.
АҚШ-тың Польшада тұрақты әскери базасының пайда болуы «Еуропадағы геосяси ландшафты өзгертеді» және АҚШ-тың Польша мен жалпы Еуропадағы ықпалын күшейтуге маңызды қадам болады», деп мәлімдеді Польша қорғаныс министрлігінің орынбасары Томаш Шатковский.
Бабич беларусь әріптестеріме мен база орналастыруды қолға алғандарға «бұның арты жақсылыққа апармайтынын» ескертті. Елші Ресей мен Беларусь бірдей әскери саясат жүргізетін Одақтас мемлекеттер екенін ескертті.
KAZAKBOL.COM