Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Самарқандта әйелін кетпенмен ұрып өлтірген ер адам 18 жылға сотталды


Самарқанд облысының Пайарык ауданында әйелін кетпенмен өлгенше сабаған тұрғын 18 жылға сотталды. Бұл туралы Өзбекстанның Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, ерлі-зайыпты үйдің жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кеткеніне байланысты ұрсып қалған. Ұрыс кезінде әйелі кетпеннің сабымен күйеуінің иығынан итеріп жіберген. Оған намыстанған күйеуі кетпенді тартып алып, әйелін есінен танғанша ұрған.

Осыдан кейін қайын атасының үйінде тұрып жатқан 30 жастағы тұрғын қашып кеткен. Әйелдің туыстары оны ауруханаға жеткізген. Бірақ ол өзіне келместен қаза болып кеткен.

Көп өтпей марқұмның күйеуі ішкі істер бөліміне өзі барып, әйелін сабағанын мойнына алған. Аудандық сот оны әйелінің өліміне кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM