Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» фронт-офисі мен «Адалдық дүкені» ашылды

KAZAKBOL.COM

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Қазақстан теңіз университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен аталған университет жанынан «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы бойынша фронт-офисі және «Адалдық дүкені» ашылды.

Жоба мақсаты — білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау үшін жағдай жасау  және де еліміздің білім беру мекемелерінде озық тәжірибені одан әрі пайдалану үшін пилоттық бағыттарды іске асыру негізінде құрылды. Бұл туралы агенттіктің аумақтық департаменті басшысының орынбасары Қайрат Байгебаев және университеттің проректоры Ақылбек Ахметов айтты.  Өз кезегінде, аумақтық департаментпен Қазақстан теңіз университеті арасында жобаны іске асыру бойынша меморандумға қол қойылып, облыс аумағындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының тарапынан жобаның жауапты тұлғалары бекітілді. Ал, «Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты – студенттер мен жастардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу болып табылады.Яғни, кез-келген студент сатушысы болмайтын аталған дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша тиісті бағасына сатып алып, ақшасын арнайы қойылған кассаға өткізеді. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті затын сатып алған студент қулыққа немесе қиянатқа жол бермей, өзін адалдыққа және әділдікке тәрбиелей алады.Алдағы уақытта осындай іс-шаралар облысымыздың өзге де жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында жалғасын табатын болады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM