Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сегіз елдің азаматы енді АҚШ-қа аттап баса алмайды

KAZAKBOL.COM

Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан, Солтүстік Корея және Венесуэла азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынды деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Құрама Штаттардың жоғарғы соты бұны заңды деп таныған. Сол-ақ екен, Ақ үй алдына жүздеген адам жиналып, бұл тыйымға қарсылықтарын білдірді.

Айта кетейік, АҚШ басшысы Дональд Трамп президенттік қызметіне кіріскен кезде, аталған елдердің азаматтарына АҚШ-қа 90 күнге дейін кіруге болмайды деген үкім шығарды. Алайда сол кезде федералды соттар Трамптың бұл шешімін жүзеге асыруға рұқсат бермеді.

Қыркүйек айында бұл тізімге Венесуэла, Солтүстік Корея және Чад қосылды. Трамптың пікірінше, бұл шектеулерді ол америкалықтардың қауіпсіздігі үшін енгізіп отыр.

Өйткені мигранттар арасында қарақшылар мен қылмыскерлер көп дейді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM