Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шойгу Путинге «ЛХР-ді азат еткені» туралы есеп берді

KAZAKBOL.COM

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Владимир Путинге өзін тәуелсіз деп жариялаған «Луганск халық республикасын азат еткені» туралы есеп берді, деп хабарлады «Интерфакс».

Украин жағы әзірге Ресей министрінің мәліметіне жауап берген жоқ.

Шойгу Путинге Ресей әскері Лисичанск қаласына толықтай бақылау орнатқанын да жеткізді.

Украин армиясы Луганск облысындағы Лисичанск қаласындағы бекінісінен шегінген. Бұл туралы Украина Қарулы күштерінің Бас штабы хабарлады.

Бас штаб мәліметінше, шегіну туралы шешім «басқыншы әскердің артиллериясы, авиациясы, төпелеп оқ ату реактивті жүйесі, қару-жарағы мен жауынгер саны көп болуына байланысты» қабылданған. Қала қорғанысын ұстап тұрудың салдары ауыр болар еді, деп есептейді украин Бас штабы. «Біз қайта оралып, міндетті түрде жеңіске жетеміз», – делінген хабарламада.

Лисичанск Луганск облысында украин жауынгерлерінің бақылауындағы жалғыз қала еді.

Лисичанск қаласы үшін кескілескен ұрыс бірнеше күнге созылды. 3 шілдеде таңертең Луганск әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдай ресейлік күштер басып алған жерлерге бекініп жатқанын хабарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM