Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Шымкентте «балмұздақтан улану» ісі бойынша үкім шықты

KAZAKBOL.COM

5 желтоқсан күні Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты «балмұздақтан жаппай улану» ісі бойынша үкімін жариялады. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенби хабарлады.

Дүйсенбидің айтуынша, аудандық соттың судьясы кәсіпкер Дилмурат Ишмуратовты Қылмыстық кодекстің 304-бабымен («Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу») айыпты деп танып, бір жыл бас бостандығын шектеп, үш жылға қоғамдық тамақтану саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқұғынан айырып, жәбірленушілерге бір жарым миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіруге үкім етті.

— Сот тергеуінде кәсіпкердің айыбы толық дәлелденді. Ол тиісті санитарлық тәртіпті сақтамағанын мойындады, — деді баспасөз хатшысы.

Аудандық сотқа қазан айында түскен істі судья Талған Қахаров қараған.

Шымкентте наурыз айының соңында «Южный» кафесінің жанында орналасқан дүңгіршектен балмұздақ сатып алып уланған тұрғындар Түркістан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. 3 сәуір күні олардың саны 188-ге жеткен. Кейіннен уланғандардың 31-і сальмонеллёз, 13-і стафилококк ауруын жұқтырғаны, балмұздақ дайындаған 12 қызметкердің бесеуінен сальмонеллёз және стафилококк ауруы анықталғаны белгілі болды.

Улану дерегі бойынша қалалық полиция департаментіне жүзден аса адам арызданған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM