Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент: Есірткі заттарын сақтаған студент ұсталды

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері профилактикалық жұмыстар мен жедел-іздестіру іс-шараларын қарқынды жүргізіп жатыр. Кезекті рейд барысында қала аумағындағы көпқабатты үй аулаларының бірінде аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өзімен бірге сақтап, тасымалдап алып жүрген 20 жастағы жігітті құрықтады.

Аталған азамат Солтүстік Қазақстан облысынан Шымкент қаласына оқуға келіп, осындағы жоғарғы оқу орындарының бірінде 3-курста оқып жүріп, қаладағы жалдамалы пәтерде жалғыз өзі уақытша тұрып жүрген.

Жеке тінту барысында студенттің сөмкесінен полиэтиленді пакетке салынған ақ түсті ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» есірткі заты екендігі расталып, жалпы салмағы 495 грамды құраған.

Сонымен қатар, тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде оның пәтеріндегі сейфтің ішінен 20 дана полиэтиленді пакеттерге оралған есірткіге ұқсас заттар мен тағы 300 грамнан аса сол секілді заттар тәркіленіп алынған.

Қазіргі таңда күдіктінің үйінен алынған заттарға қатысты қосымша сараптама тағайындалды.

Бүгінде аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM