Ағымдағы жылдың 10 тамызында Абай ауданы Игілік елді мекенінде 6 баланы тәрбиелеп отырған ата-ана таңертең үйқыдан тұрған кезде 5 жасар баласының уйде жоқ екенін біліп, оны іздеуге кірісті. Іздеудің нәтижесі болмағандықтан баланың ата-анасы болған оқиға туралы полицияға шамамен сағат 15.00-де хабарлаған. Оқиға орнына бірден Абай АПБ-ның қызметкерлері шықты. Жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырған полицейлер куәгерлерді сұрастырып, жақын маңдағы аумақтарды түгел тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 4 сағаттан кейін полиция қызметкерлері Игілік елді мекеніндегі көшелердің бірінде жоғалған баланы тауып, оны отбасына қайтарды. Баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Жеделдігі мен кәсіпқойлығының арқасында баланы аман-есен үйіне жеткізген учаскелік полиция инспекторы Абрахманов Музафар Хикматуллаевичке және Абай АПБ-ның басшылығына баланың ата-анасы үлкен алғыстарын білдірді.
Шымкент қ. ПД Баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM