Оқиға 2023 жылдың 8-қаңтарында, түскі сағат 14:33-те орын алған.
Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 32 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, қала аумағындағы базарлардың бірінде орналасқан өзінің меншігіндегі сауда нүктесіне жасы 35-40 шамасындағы белгісіз тұлға тұтынушы ретінде келіп, құны 200 000 (екі жүз мың) теңгені құрайтын қаптарға жиналған киім-кешектерді жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағандығын жазып көрсеткен.
Аталған жайт ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігінің 1-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің ізін суытпай, бір тәулік ішінде Шымкент қаласының аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 42-де, жұмыссыз.
Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Айғақты заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.
Шымкент қаласы Полиция департаменінің Баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM