Қазақстан Сыртқы істер министрлігі (СІМ) «Сирияда қазақстандық әйелді өлтіргені» туралы ақпараттың тексеріліп жатқанын хабарлады.
СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров брифингте бұл ақпараттың дереккөзі әлі расталмағанын, сондықтан оны анықтаудың біраз уақыт алатынын айтты. «Сирия аумағында заңды және заңсыз жүрген біздің азаматтарымызға қатысты барлық мәселені Иорданиядағы елшілікке тапсырамыз» деді.
Өткен аптада «Ақтөбе таймс» басылымы Сирияда Солтүстік Кавказдағы Сириядағы әйелдер мен балаларды еліне қайтарумен айналысатын ұйымға сілтеме жаса, «қазақстандық үш әйелдің өзге бір қазақстандық әйел мен баланы елге қайту үшін ақшасын тартып алмақ болып өлтіргенін» хабарлаған. басылым дерегінше, ол үш әйелді кейін «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының содырлары ұстап алып, өлтірген».
KAZAKBOL.COM