Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан 2023 жылдан бастап метанолдан бензин өндіреді

KAZAKBOL.COM

Оңтүстік Кореяның GS Engineering & Construction Corporation компаниясы 2022 жылдың аяғында Өзбекстанда метанолдан бензин өндіруді іске қосады.

«Өзбекстанда химия өнеркәсібін жедел дамыту жөніндегі шаралар туралы» президент жарлығында октаны жоғары бензинді «Навоиазот» АҚ басында өндіруді ұйымдастыру жайында айтылған. Жобаның алдын ала құны — 200 млн доллар, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Биыл желтоқсан айында GS, «Узхимпром» және «Навоиазот» бірлескен кәсіпорын құру туралы құжаттарға қол қояды. Кәсіпорын жылына метанолдан 104,3 мың тонна бензин және 14,4 мың тонна пропан-бутан қоспасын өндіреді.

2019 жылдың соңына дейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын болады.

2020 жылдың мамырында зауыт құрылысы басталып, 2022 жылы желтоқсанда кәсіпорын іске қосылады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM